Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада есірткі тасыған курьер ұсталды

Қызылордада есірткі тасыған курьер ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында басталған   «Рефлекс-2021» жедел профилактикалық  шарасы барысында облыс орталығында аса ірі көлемде синтетикалық «меткатинон», «мефедрон» есірткі заттарын жасырын таратып жүрген қала тұрғыны құрықталды

Күдіктінің мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс алып, оларды қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырғандығы анықталған. Полицейлер оны синтетикалық бетбелгі (закладка) қалдырып жатқан жерінен ұстады. Айғақ зат ретінде барлығы 72 (жетпіс екі) дана синтетикалық заты бар орама алынды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
25 қазан 2021 ж. 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области