Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ЕРЖҰМАН СМАЙЫЛ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ЕРЖҰМАН СМАЙЫЛ ҚАЙТЫС БОЛДЫ


    Белгілі журналист Ержұман Смайыл қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook желісінде естіртті.
    Е.Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты.
    Еңбек жолын "Социалистік Қазақстан" газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - "Лениншіл жас" газетінде редактордың орынбасары. 1987-2003 жылдары - "Егемен Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

28 ақпан 2018 ж. 376 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области