Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 10 томдық жинақ жарық көрдіЖамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 10 томдық жинақ жарық көрді

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 10 томдық жинақ жарық көрдіЖамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 10 томдық жинақ жарық көрді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсаукесері өтті.

Ұлы жыраудың соңында қалған соқталы шығармаларын ұлттың рухани игілігіне жаратып, келер ұрпаққа жеткізу үшін ұлағатты парыз, асыл аманат. Мерейтойлық жылы ақын шығармаларын насихаттап, халыққа жеткізуде республика көлемінде көптеген мәдени іс-шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімнің аясында жарық көрген осы көптомдықтар.

Аталған 10 томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап дүние салғанға дейінгі барша өлеңдері мен айтыстары, жүз жасаған ұлы ақын жайлы көз көргендердің естеліктеріатап айтқанда, академик-жазушы М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов бастаған алғашқы жамбылтанушы ақын-жазушылардың, ұлы жыршының өмірі мен шығармашылық ғұмырнамасын жан-жақты қарастырып, толымды зерттеулер жүргізіп, толыққанды еңбек жазған екі зерттеуші – Сапарғали Бегалин мен Нысанбек Төреқұловтың еңбектері енді.

Сонымен қатар тәуелсіздік кезеңіндегі жамбылтанудың жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкіндік ашқан әдебиетші ғалымдардың еңбектері топтастырылды. Бұдан бөлек, ақынның томдыққа орыс тіліндегі аудармалары менжамбылтанушылардың зерттеу еңбектерітоптастырылса, жыршының библиографиясы тұңғыш рет толымды басылым ретінде томдыққа еніп жарыққа шығарылып отыр.

Бұл жинақ жамбылтанушылар үшін құнды дүние, халқымыз үшін рухани қазына.

Аталған шараға Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжіліс депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.


21 қазан 2021 ж. 58 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области