Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.


Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы елдігімізді айшықтап, бірлігімізді көрсететін айтулы оқиға екенін, алдағы жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты.

Ақынның мерейтойы жас ұрпақты тәрбиелейтін, ұлтымызды ұйыстыратын, жұртшылыққа ой салатын тағылымы мол, тәлімі зор, тәрбиелік мәні бай іс-шара болуы тиіс, – деді Қырымбек Көшербаев.

Комиссия отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сонымен қатар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ақын мерейтойын атап өтуге қатысты жоспардың орындалу барысы жөнінде баяндады.

Жиын соңында Мемлекеттік хатшы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды орындау жөніндегі жұмысты жалғастыруды және белгіленген іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
21 қазан 2021 ж. 53 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области