Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Бизнестің жол картасы 2025»: Қызылордада 9 айда 1360 жоба қолдау тапты

«Бизнестің жол картасы 2025»: Қызылордада 9 айда 1360 жоба қолдау тапты

Kyzylorda-news.kz. Пандемия шектеулеріне қарамастан Қызылорда өңірінде кәсіп ашуға ниетті азаматтардың қатары көбейіп, аймақ республика бойынша үздік үштікке енген. Сондай-ақ, облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлік бағытта жұмыспен қамтылған. Яғни, өсім 9,1 пайызды құрап, аймақтар арасында ІІ орынға көтерілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде облыстық облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді

«Кәсіпкерлік субьектілер санының ұлғаюына мемлекеттік қолдау шаралары әсер етті. Мәселен, 9 ай ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 20,8 млрд. теңгені құрайтын 1360 жоба қолдау тапса, 813 жоба 5,1 млрд. теңгеге кепілдендірілді. Мұнан бөлек, қаржы ұйымдарымен кәсіпкерлердің 615 жобасына 2 млрд.теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығымен 14 кәсіпкерге 2 пайызбен 348 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мұндай қолдауларды келесі жылы да іске асырамыз», – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, сауда және туризм саласында да ілгерілеу бар. Айталық, жалпы сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға, ал келуші туристер саны 46 пайызға, көрсетілген қызметтер көлемі 58 пайызға артқан.

Жағымды жаңалық келер жылдан бастап туризм саласында жаңа мемлекеттік қызметтер, яғни автокөлік құралдарын сатып алу, туризм нысандарын салу, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау шығындарының бір бөлігін субсидиялау арқылы өтеу механизмі енеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде кәсіпкерлерді қолдау мен сүйемелдеу бағытында «Бизнеске арналған үкімет» платформасы жұмыс жасауда. Аталған платформада аясында кәсіпкерлерге және инвесторларға 10 бағыт бойынша 90 қызмет түрлері ақысыз көрсетіліп келеді. Мәселен орталықпен өткен жылы 13 488 қызмет көрсетілсе, биылғы жылдың 9 айында бизнес субьектілеріне 12 246 қызмет көрсетілген»,- деді Бизнеске арналған үкімет мекемесінің директоры Батыржан Аймағанбетов.

Аймақтағы кәсіпкерліктің 9 айдағы дамуын қорытындылаған баспасөз конференциясында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының атқарған жұмыстары да айтылды.

«Ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беруді ұсынатын «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы 6 жыл ішінде 2053 кәсіпкерге 9 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек берген. Ал, биылғы жылдың 9 айында аталған орталықпен 165 кәсіпкер 1 млрд.теңгеден астам несиелік қаржыға қол жеткізді. Айта кету қажет, өткен жылы қызметін тоқтатуы қажет болған орталық облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен 2025 жылға дейін жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік болмақ», – деді орталық директоры Самат Ерниязов.
20 қазан 2021 ж. 97 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области