Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада күріштен басқа дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды

Қызылордада күріштен басқа дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды


Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес 188,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріштің көлемі 83,6 мың гектарды құрайды. Биыл орын алған су тапшылығына байланысты күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға дейін азайтылған. Оның орнына суды аз қажет ететін өнімдер 9,8 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс көлемі 3,9 мың гектарға көбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.

«Күзгі егін жинау науқаны оңтайлы мерзімде жүргізілуде. Қазіргі таңда күріштен басқа дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Биыл мемлекеттік қолдау аясында егіншілік саласына 4,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ, дақылдардың өндірісін субсидиялау – 208,7 млн. теңгені құраса, тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға – 204,6 млн. теңге бөлінді. Мал азықтық дақылдарға келетін болсақ. ораққа түскен 40,3 мың гектардан 248,6 мың тонна жоңышқа шөбі жиналды. Егін жинау жұмыстарына бөлінген 12,5 мың тонна дизель отыны кестеге сәйкес алынуда. Облыстағы азық-түлік бағасы туралы айтатын болсақ, бір апта ішінде өңірде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жедел шаралар қабылданды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсу қарқыны бәсендеп, орташа өсу индексі 100,2 пайызды құрады. Нақтырақ айтсақ, жұмыртқа бағасы 3,5 пайызға өссе, пияздың бағасы 1 пайызға төмендеді. Ұн мен нанның бағасын реттеу мақсатында Қостанай облысының ұн өндіруші мекемелерімен 1000 тонна ұнмен қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалды. Сондай-ақ жыл аяғына дейін кәсіпкерлік субьектілер арқылы 45 тонна тазартылған күнбағыс майы қамтамасыз етіледі», – деді басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы.

Баспасөз конференцияда «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның төрағасының орынбасары Жеңісбек Ахметов егін жинау барысына тоқталды.

«Бүгінде бидай, арпа, сұлы дақылдарын жинау аяқталса, мақсары жүгері, картоп сынды дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда. Аудандарда жинақталған ақпараттарға сәйкес 9,4 мың тонна күздік бидай өнімдері жиналып, орта өнім 13,8 центнерді құрады. Жалпы егін жинау жұмыстарына барлық техникалар толық дайын. Сондай-ақ, егілген күріштіен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқым себілді. Нәтижесінде, биыл ораққа түсетін күріштің 75 пайызының жағдайы жақсы. Облыста күрішке орақ салу жұмыстары 26 тамыздан басталған болатын», – деді Жеңісбек Алпамысұлы:
16 қазан 2021 ж. 73 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области