Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Тұлпар мініп, ту алған»: Байқау өскелең ұрпақтың тарихты терең түсінуіне септігін тигізеді

«Тұлпар мініп, ту алған»: Байқау өскелең ұрпақтың тарихты терең түсінуіне септігін тигізеді


Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай республикада «Qazaq Epos» ағарту жобасы бойынша «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы ұйымдастырылуда. Бұл байқау ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді іске асыру мақсатында өткізіліп отыр.

Жыр додасы өскелең ұрпақтың тарихты терең түсінуіне, сөйлеу мәдениеті мен сөздік қорының қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Аталған байқауға республиканың түкпір-түкпірінен жас өрендер қатысуға ниет білдіріп, қазіргі таңда қызу дайындық жүргізуде. Солардың қатарында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылындағы №44 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сая Жамбылқызы да бар.

Саяны жыр додасына дайындап жатқан ұстазы №44 орта мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Г.Құлымбетованың айтуынша, шәкіртті байқауға дайындауда мұғалімнің де шығармашылық ізденісі артады.

«Жыр жаттау – кез келген адамға оңай болмасы анық. Дегенмен, Саяға аса қиындық болмады. Себебі, оның ерекше қасиеті – зеректігі мен алғырлығы. Дайындық барысында Сая жырда кездескен көнерген сөздердің мағынасын тануда көп ізденеді. Сонымен қатар, оның ынтасы мен өзіне жоғары талап қоя білетіндігін байқадым. Бұл жырды жаттаудан бөлек бос уақытында көркем әдеби шығармаларды ізденіп оқиды. Осы байқау дәстүрлі түрде жалғасын табар болса, оқушылардың ынтасы мен дарындылығы артады», – дейді мұғалім.

Сая Жамбылқызы байқауға қатысуға бар күшін салып, шынайы ынтамен кірісе бастағанын айтады.

«Ұстазымның, отбасым мен достарымның қолдауы маған көп көмек берді. Бастапқыда жырды мәнеріне келтіре оқу қиындық келтірді. Жырдағы қайталанып келе беретін сөздерден де көп жаңыла беретінмін. Ол да оңайлыққа түспеді. Алайда, қайталай отырып, жырды түгел оп-оңай жаттап алдым. Оған ұстазымның көп көмегі тиді. «Ер Едіге» жырын жаттау – менің көркем әдеби туындыға деген қызығушылығымды одан сайын арттыра түсті. Сондай-ақ, көптеген құнды тарихи мәліметтерден хабардар болдым. Адам алдына қойған мақсатына қалай болса да жетуге талпынса, алынбайтын қамал болмайды. Ол үшін үлкен жігер мен ынта, намыс керек деп ойлаймын», – дейді оқушы.
13 қазан 2021 ж. 58 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области