Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 қазанға арналған ауа райы болжамы

8 қазанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде 8 қазанда солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында ғана қар және қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең оңтүстік және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыс және орталықта тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері аумағында – желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батыс және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады.
Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
08 қазан 2021 ж. 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области