Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, онда тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, түнгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі, республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын бақыланады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның батыс жартысы антициклонның жотасының әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.
04 қазан 2021 ж. 63 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области