Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде

Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі шикі мұнайдың үлесі 91,5 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының негізгі бөлігі қара алтынға тікелей тәуелді екендігін көрсетеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев аймақ экономикасының күре тамырына айналған мұнай-газ саласындағы жаңалықтармен бөлісіп, мұнайшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Алғаш болып Құмкөл кенінің ашылуы Қызылорданың өнеркәсіптік аймаққа айналуына негіз болды. Сәйкесінше, өңірімізде мұнай-газ класстері қалыптасты. Сыр мұнайы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақ экономикасының дамуына серпін берді. Алайда соңғы 6-7 жыл ішінде мұнай өндіру көлемі қысқарды. Оған себеп қолданыстағы кен орындары табиғи түрде сарқылуы. Осыған орай, үкіметтің қаулысымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, жергілікті жердегі Шу-Сарыс, Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде»,- деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.

Айта кетейік, бүгінде өңірде мұнай өндірумен 10-ға жуық ірілі-ұсақты компания жұмыс істеуде. Олардың барлығы дерлік әлеуметтік жобаларды қолдау мен жергілікті жерге ұдайы көңіл бөлуде. Жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, отбасылық типтегі балалар ауылына қол ұшын созуда. Сондай-ақ дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына мұнайшылар әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
05 қыркүйек 2021 ж. 634 1

Ismael от 15 қыркүйек 2021 20:29
syr-media.kz, We are DIRECTORIA business directory, currently, we are in the process of including new companies on our website. We have recently listed syr-media.kz on our directory (for free). This is an excerpt of the listing: "Copyright © 2020. «Сыр медиа» порталында жарияланған барлық мақалалармен фотосуреттердің авторлық құқықтары қорғалған. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті. ..." You can take a look at the full listing  here: -- https://directoria.ovh/syr-media-kz If you want to remove it click here: https://directoria.ovh/remove?ppc=ZUVFMTMwbE1SRHJLMy83bw== If you want to  make any changes, please, "claim your listing"  by clicking on widget on the right sidebar of your listing. Thanks. Directoria Team.

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области