Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар: Ауаның ластануы балалардың семіздігін тудырады

Ғалымдар: Ауаның ластануы балалардың семіздігін тудырады

Kyzylorda-news.kz. Индиялық ғалымдар ауа ластануының жоғары деңгейінің әсерінен балалардың семіздікке шалдығуын және демікпе қаупін арттыратынын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Өкпені күту қоры мен Pulmocare ғылыми-білім беру орталығы жүргізген зерттеуге Дели мен Үндістанның оңтүстігіндегі Коттаям мен Майсуру қалаларынан кездейсоқ таңдалған 12 мектепте оқитын 3 157 бала қатысқан. Бұл қалаларда ауа басқа жақтарға қарағанда салыстырмалы түрде таза.

Зерттеушілер Делидегі балалардың 39,8 пайызы ал Коттаям мен Майсуруда 16,4 пайызы артық салмақпен ауыратынын анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл осы қалалардағы зиянды PM2.5 бөлшектерінің деңгейімен байланысты.

Сарапшылардың айтуынша, Делидегі мектеп оқушыларында астма мен аллергия белгілері, қышыма, көздің сулануы, жөтел мен бөртпе ауруларының Коттаям мен Майсуру қалаларына қарағанда «таралуы едәуір жоғары».

«Зерттеу Дели балаларында респираторлық және аллергиялық симптомдардың, спирометриялық демікпе мен семіздіктің жоғары таралуын анықтады. Балаларымыздың болашағын сақтау үшін Дели мен басқа қалалардағы ауаның ластану мәселесін жүйелі түрде шешетін уақыт жетті», – дейді өкпе күтімі қорының негізін қалаушы Арвинд Кумар.

Зерттеу көрсеткендей, семіздікке шалдыққан балалардың демікпемен ауыруы 79 пайызға жоғары.

«Балалардағы семіздіктің көптеген себептері болуы мүмкін, бірақ қоршаған ортаның ластануы ең басты фактор», – делінген зерттеуде.

Дели – әлемдегі ең ластанған қалалардың бірі екенін айта кету қажет. Жыл сайын ондағы ауаның ластану деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қауіпсіз деп санайтын деңгейден шамамен 9 есеге асады.
04 қыркүйек 2021 ж. 644 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области