Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Университетте Конституция күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Университетте Конституция күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас оқу ғимаратының мәжіліс залында онлайн форматта ZOOM платформасында “Қазақстан Республикасының Конституциясы: бірлік, тұрақтылық, өркендеу” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шараны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылым департаментінің директоры, география ғылымдарының кандидаты, профессор Қали Омаров ашты.

Жиынға ZOOM-мен оқытушы-профессорлар, білім алушылар қатысып, еліміздің Ата заңына байланысты баяндамалар оқылды.

Философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберліұлы баяндамасында біздің Қазақстан Республикасының Конституциясының ұстанымдары жайлы сөз қозғады. Конституция 4 ұстанымға негізделген. Бірінші ұстаным – қоғамдағы саяси тұрақтылық. Екіншісі – экономикалық даму. Үшінші ұстаным – Қазақстандық патриотизм, соңғысы – барлық мәселені референдуммен шешу екенін түсіндіріп, әр ұстанымға тоқталды.

«Адамның ар-намысына , қадір-қасиетіне ешкім қол сұға алмайды. Осыған орай, жастарға Конституцияны жаттап, өз құқығын білуге, заңға сауатты болуға шақырамын», – деді Баймырза Қожамберліұлы.

Сонымен қатар, ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Айдарқызы Конституцияның ережелерімен, құрылысы және құрылымымен таныстырды. Бұдан бөлек, PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Жеңісқызы кәмелеттік жасқа толған барлық жастардың Конституция заңдарын қатаң сақтауға міндетті екенін ескертті.

Конференцияның соңында Қали Омаров барлық конференцияға қатысушыларды 30 – тамыз Конституция күнімен құттықтап, конференцияны қорытындылады.
27 тамыз 2021 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области