Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ ТӘНЕШ ОРАЗОВ 95 ЖАСҚА ТОЛДЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ ТӘНЕШ ОРАЗОВ 95 ЖАСҚА ТОЛДЫ


    Облыс әкімі Қ.Көшербаев құрметті зейнеткер, соғыс және еңбек ардагері Тәнеш Оразовты мерейтойымен құттықтады.
    Ұлы Отан соғысы ардагері Тәнеш Оразов 1923 жылы 23 ақпан күні Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында туған. 1941 жылдың  желтоқсанында әскерге шақырылып, Ашхабад жаяу әскер училищесінде оқып, лейтенант әскери шенінде майданға аттанады.
    «Тәнеш Оразұлы – бүгінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. 1942 жылы Сталинградты жаудан  қорғауға қатысып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Соғыстан кейінгі жылдары облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлесін қосты. Мәскеу жоғары сауда мектебін бітіріп, сауда, құрылыс саласында лауазымды қызметтерін абыроймен атқарып, нәтижелі қызметтің арқасында көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталды», - деді аймақ басшысы.
    Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Тәнеш Оразулына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов бастаған бір топ ардагерлер құттықтады.

23 ақпан 2018 ж. 423 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области