Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токио-2020: Олимпиада ойындары аяқталды

Токио-2020: Олимпиада ойындары аяқталды

Kyzylorda-news.kz. Төрткүл дүниенің дүбірлі додасы – Жапониядағы жазғы Олимпиада бүгін аяқталады.

Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан 83-орыннан ғана көрінді. Шілденің 23-нен жалғасқан сайыста АҚШ алда келе жатыр. Ол қазір 38 алтын, 39 күміс және 33 қоламен жалпы есепте бірінші орынға шықты. 38 алтын, 31 күміс, 18 қола медалімен Қытай 2-ші орынға тұрақтады. Жарыстың қожайыны Жапония болса, 27 алтын, 12 күміс және 17 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал Қазақстандық құрамасы осы жолы айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Дегенмен, жерлестеріміз 8 қола жүлдені алып берді.

Абыроймен елге оралғандар қатарында дзюдошы Елдос Сметов, зіл теміршілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло бар. Сондай-ақ былғары қолғап шеберлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев және қос каратеші Дархан Исадилов пен Софья Берульцева елге қола жүлдемен оралады.

Токио Олимпиадасының жабылу салтанаты бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де өтеді.
08 тамыз 2021 ж. 94 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области