Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 шілдеге арналған ауа райы болжамы

31 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай болып, өткінші жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің батысында және оңтүстігінде антициклон жоталарының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облыының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, шаңды дауылмен күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды обысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілде 2021 ж. 63 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области