Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда COVID-19 күрт көбейді

Байқоңырда COVID-19 күрт көбейді

Kyzylorda-news.kz. Байқоңырдың жедел штабы 2021 жылдың басынан бері Байқоңыр қаласындағы COVID-19 ауруы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың деректерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдауға сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 25 шілдесіне дейін Байқоңыр қаласының аумағында жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған 527 адам анықталды. 61 % – бұл 2021 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі кезеңдегі науқастар, ал 39 % – тек бір айда, 2021 жылдың шілдесінде тіркелген.

Жақында аурулардың күрт өсуі тіркелді. Егер 2021 жылдың 21 шілдесінде барлығы 1633 инфекция оқиғасы тіркелген болса, бүгінгі таңда 29 шілдеде бұл көрсеткіш 1716-ға дейін өсті, яғни бір апта ішінде 83 адам ауырып, 6 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда 36 науқас емделуде. Ағымдағы жылдың шілде айында Байқоңыр қаласының аумағында COVID-19 ауруының күрт өсуінің ықтимал себептерінің қатарында жедел штаб әкелу сипатын, жыл сайынғы ақылы демалыстарды пайдаланудың маусымдылығын, сондай-ақ азаматтардың карантин талаптарын формальды сақтауын атайды.

Қалалық жедел штаб хатшылығы осы күрделі эпидемиологиялық жағдайда байқоңырларды қолданыстағы қатаң шектеу шараларын сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Байқоңыр қаласының аумағында карантин 16 тамызға дейін ұзартылған болатын.
30 шілде 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области