Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық ардагерлер облыста эпидахуалдың ушыққанына алаңдаулы

Қызылордалық ардагерлер облыста эпидахуалдың ушыққанына алаңдаулы

Kyzylorda-news.kz. Аймақтағы эпидахуалды тұрақтандыру мен аурудың алдын-алуға аймақ ардагерлері де үн қоспақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев мәлімдеді.

Індетпен күресте алдымен ауызбіршілік керек деген Серік Әбішұлы бірінші кезекте аймақтағы індеттің таралу көрсеткіштерін сөз етті.

«Әлемнің ортақ мәселесіне айналып, жер жүзіне тараған індет күн санап өршуде. Өткен тәулікте ел аумағында 7 мыңнан аса адам дертке душар болса, біздің аймағымызда 220 адам індет жұқтырды. Сондықтан сақтық шараларын күшейтіп, екпе алуымыз керек», – деген ардагерлер кеңесінің төрағасы вакцинаның тиімділігіне де тоқталды.

Сонымен қатар өңір тұрғындарына көпшілік орындарға бармауға кеңес беріп, той-жиын, отбасылық мерекелерді мейлінші азайтуды ұсынды.

«Індетке шалдыққандар туралы соңғы мәліметтер ардагерлердің алаңдауының негізсіз емес екендігін көрсетсе керек. Дәрігерлер қауымы қолдан келген ем-домның бәрін жасауда. Бірақ емделу, індетті жұқтырмау тек мамандарға ғана емес, өзімізге де байланысты екенін ұмытпауымыз қажет», – деді Серік Дүйсенбаев.
30 шілде 2021 ж. 123 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области