Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛУДЕ


    Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері кезекті рет рейд ұйымдастырды.
    Оның барысында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жедел басқару  орталығының бейне-бақылау камералары көрсеткен жолаушы тасымалдаумен айналысып жүрген автокөліктерге қызметін дара кәсіпкер ретінде тіркеліп жүзеге асыру керектігі түсіндірілді.
     Дара кәсіпкер ретінде тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалына және Мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген хабарлама негізінде жүргізіледі. 2016 жылдың 1 қантарынан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін алым төленбейді.
    Көше жағалап, такси тұрақтарындағы жүргізушілерге осындай тәртіпті түсіндірумен қатар, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері, дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жағдайда,  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын және іс-құжаттар сот қарауына жолданатындығын ескертуде.
    Б.ОРДАНОВА,
    түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы.

25 қазан 2017 ж. 671 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области