Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда пробация есебіндегі азамат грант ұтып алды

Аралда пробация есебіндегі азамат грант ұтып алды

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Жыл басынан Арал аудандық пробация қызметінің есебіндегі 2 азамат өз жеке кәсібін ашса, 3 азамат жеке кәсіп ашу үшін бір айлық курстан өтуде.

Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Ерболат Жарасовтың айтуынша есептегі 3 сотталған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып жатыр.

«Бұған дейін екі азамат курсты толық аяқтап, бизнес жоспары қолдау тауып, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, мал шаруашылығын ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Арал қаласы әкімдігінің қаулысымен төрт жұмыс орны квотасы белгіленген. Белгіленген квота бойынша есептегі екі азамат «Арал балық өңдеу зауытына», екеуі «Арал Құрылысы» ЖШС-не жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды. Жуырда пробация есебіндегі бір азамат курсты толық аяқтап, мемлекеттен қайтарымсыз несие алу үшін бизнес-жоспарын құрып, құжаттарын дайындау үстінде»,- дейді әділет аға лейтенанты Ерболат Жарасов.
21 шілде 2021 ж. 89 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области