Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі оқытқан жастар жұмыс тауып, кәсіптерін ашуда

«Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі оқытқан жастар жұмыс тауып, кәсіптерін ашуда

Kyzylorda-news.kz Қоғамдық бірлестік биыл АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар бағдарламасы аясында Еуразия қорының қолдауымен «Келешек мамандықтары: Жұмыссыздық проблемаларының шешімі» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында жастарға SMM маркетинг, графикалық дизайн, мобилография секілді қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, жұмыс табуына қолдау көрсету болатын.

Осыған дейін SMM маркетинг аясында жастарға оқыту курсын ұйымдастырған қоғамдық бірлестік шілде айында мобилография курсын қорытындылады.

Мобилография курсы аясында Қызылорда қаласының 10 жасы офлайн біліктілігін жетілдірді. Курс қатысушыларына қосымша құралдарсыз, ұялы телефон арқылы жарнамалық материалдар дайындау жолдары үйретілді.

«Курстың негізгі мақсаты – қатысушыларға видео контент жасауды үйрету. Себебі қазіргі таңда фотомен бірге осы видео контентке сұраныс өте жоғары болып тұр. Курсқа қатысушылардың арасында ұялы телефонды тек байланыс құралы ретінде пайдаланатындары да болды. Жаңа сала болғандықтан алғашында қатысушыларға курстағы материалдарды қабылдау сәл қиындық тудырды. Дегенмен практика жүзінде қолданылу барысын көргеннен кейін қызығушылықтары оянып, белсенді бола түсті. Оқу курсы барысында экспозия, композиция, стабилизация, ракурс, фон, жарықтың түсу ерекшелігі, сондай-ақ видео әзірлеуге арналған қосымшаларды қолдану тәсілдері үйретілді», – дейді курстың бизнес-тренері Ботагөз Бақбергенова.

Курсқа қатысушыларға теориялық біліммен қатар оны практикада қолдану жолдары да үйретілген. Ол үшін қатысушылар түрлі саладағы кәсіпкерлік субъектілерінен практикадан өтіп, жасаған жұмыстарын курстың соңында арнайы қорғады. Қорытындысымен арнайы сертификаттарға ие болды.

«Жобаның ең негізгі жетістігі – қатысушылардың жұмыс тауып, кейбірінің жеке кәсібін ашуы. Екі қатысушы өз кәсібін ашты. Бірі ұялы телефондардың аксессуарларын, енді бірі автомобильге арналған жабдықтарды сатумен айналысуда. Әрине жарнама жасауда қосымша қаржы немесе маман тартпай, өздері жүргізіп жатыр. Екі қатысушымыз тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл біз үшін өте жақсы көрсеткіш», – дейді «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мадина Төлепова.

Қоғамдық бірлестік енді жастарды графикалық дизайнға үйрететін курсты ұйымдастыруда. Нәтижесі туралы алдағы уақыттарда айтатын боламыз.
21 шілде 2021 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области