Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мотоцикл»: Қызылордада жүргізушілер 308 рет құқық бұзған

«Мотоцикл»: Қызылордада жүргізушілер 308 рет құқық бұзған

Kyzylorda-news.kz. Облыс аумағында мотоциклмен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, оның ішінде мас жүргізушілерді анықтау мақсатында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында барлығы мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзған 308 дерек тіркелді. 13 мотокөлік түнгі тыныштықты бұзған. техникалық ақауы бар 19 мотокөлік анықталды. 13 заңсыз қайта жабдықтау, 30 міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген, 65 жүргізуші мотошлем пайдалану жөніндегі талаптар, 22 жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзған. 3 жүргізуші авариялық жағдай туғызып, 56 жүргізуші тиісті құжатсыз мотокөлік басқарған. 2 тұрғын мас күйінде мотокөлік басқарып, 2 қызылордалық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны анықталды. 62 мотокөлік айып алаңдарына қойылды.

«Қазіргі таңда мотокөлік жүргізушісінің іс-әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық ісі қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
19 шілде 2021 ж. 105 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области