Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әкімдер сайлауында тәуелсіз бақылау жүзеге асырылады

Әкімдер сайлауында тәуелсіз бақылау жүзеге асырылады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тікелей сайлау арқылы 40 ауылдық округте әкімдер сайланады.

Сайлау процесін байқау үшін «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы 300-ден астам тәуелсіз байқаушыны даярлауда.

«Елімізде тұңғыш рет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді. Осы орайда сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын байқау үшін елімізде «Партиялық емес байқау орталығы» құрылып, жұмысын жолға қоюда. Аталмыш орталық атынан біздің өңірімізде 300-ден астам байқаушы арнайы оқытудан өтті. Мақсатымыз – алдағы сайлаудың ашық, заңға сәйкес өтуіне өз үлесімізді қосу», – дейді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов.

Жалпы Қазақстан бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлауы өтеді. Партиялық емес бақылау орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде ресми тіркеуден өткен филиалдары арқылы шамамен 1700 сайлау учаскесіндегі сайлау үдерісін бақылауды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде байқаушылар арнайы оқытудан өтіп, сайлау үдерістеріне қатысты білімін шыңдауда. Партиялық емес байқау орталығының қызметі сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған.
16 шілде 2021 ж. 157 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области