Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Павлодар облысы Қазалылықтарды жұмысқа шақырды

Павлодар облысы Қазалылықтарды жұмысқа шақырды

Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімдігінің жанынан ашылған «Баспасөз орталығында» Павлодар облысынан арнайы келген мамандар брифинг өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді.

Ең алдымен Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаевасөз алып, жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару – мемлекет жүргізіп отырған ең ұтымды бағдарламалардың бірі екендігін жеткізді.

Бөлім басшысының айтуынша, олар 1100-ден астам бос жұмыс орындарын алып келіп отыр. Себебі бағдарламаға қойылатын өзіндік талаптар бар. Олар негізінен біліктілікті талап ететін мамандықтар. Одан бөлек біліктілікті талап етпейтін мамандықтар жетерлік.

«Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – еңбек нарығын дамыту және тұрғындардыңөмір сүру деңгейін арттыру бойынша бойынша қолға алынған шара. Бағдарлама аясында жұмыс күші тапшы өңірлерді жандандыру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетукөзделген.«Еңбек» бағдарламасы аясында оңтсүтіктен солтүстікке қоныс аудару 2017 жылдан бастау алады. Сол жылдардан бастап көптеген отбасылар біздің аймаққа қоныс аударып, жұмыс істеп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Павлодар облысының жері құнарлы. Ауыл шаруашылығын дамытуға ыңғайлы. Оның үстіне, ірі-ірі зауыттар орналасқан. Яғни, перспективалы жұмыс табуға мүмкіндік мол. Білікті мамандар жетіспейді», – деген Меруерт Сейітбекқызы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатынын жеткізді.

– отбасы әрбір мүшесіне 204 мың теңге біржолғы төлем;

– тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін, олар отбасы мүшелерінің санына және жергілікті жеріне байланысты отбасына 12 ай ішінде ай сайын төленеді.

– егер бірден тұрғын сатып алуға ниет білдірсе 12 айда берілетін қаражаттың барлығы 1 реттік болып беріледі;

– қоныс аударған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі де қарастырылған. Осы мақсатта Павлодар облысында көптеген тұрғын үйлер салынған.

Мұнан соң Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Талғат Әкімниязов және Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Магупура Омарова Павлодар қаласы мен Баянауыл ауданындағы бос жұмыс орындары туралы айтып, қажетті мамандықтар жөнінде тілге тиек етті.

Брифинг барысында аудандық «Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары Ринат Әбдіқалық, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Жеңісбек Айымқұлов Павлодар облысына қажетті мамандықтар мен олардың орташа жалақылары туралы сұрақтарын қойды.

Бұл сұраққа Меруерт Сейітбекқызы жауап беріп, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығына қатысты жұмысшылармен қатар, мектеп мұғалімдері де жетіспейтінін жеткізді.

Егер де Павлодар облысына қоныс аударуға ниеттілер болса аудандық жұмыспен қамту орталығына хабарласып, бос жұмыс орындары мен көрсетілетін көмектер туралы толық ақпаратты білуге болады.

Орталықтың мекен-жайы: Әйтеке би кенті, Төремұрат жырау №7 ғимарат.

Байланыс телефоны: 8 (724-38) 24-4-71, 24-4-15.
16 шілде 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области