Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Құрбан айт намазы оқылмайды

Қызылорда: Құрбан айт намазы оқылмайды

Kyzylorda-news.kz. 19 шілде – арапа, 20, 21, 22 шілде – Құрбан айт мерекесі. Пандемия жағдайына байланысты 20 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды. Сонымен қатар, құрбан шалу рәсімі бұрынғыдай мешіттерде жүзеге асырылмайды.

«Жергілікті әкімшілік пен бас санитардың келісімімен арнайы орындарда жүргізілетін болады. Рәсімге құрбан шалушы да, ет алушы мұқтаж жандар да қатыстырылмайды», – деді ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін ҚМДБ-ның сайты арқылы құрбан шалушы онлайн тапсырыс бере алады. Тапсырыстарды арнайы құрылған штаб жүзеге асырады. Құрбан шалушыға қажеттігінше фото-видео есеп беріледі. Етке мұқтаж жандардың тізімі «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығынан алынады. Сайт арқылы өтініштер де қабылданады. Оны мешіт имамдары мен еріктілер тобы таратып береді. Облыс бойынша құрбандық шалуға арналған орын болып «KZO.ЕТ» және «Нұрболат» қасапханасы бекітілді. Шариғат бойынша, сойылатын малдардың да өз талаптары бар. Осыған орай, биыл іріктелген малдардың ортақ бағалары да шығарылды.

«6 айдан асқан тоқтылар базарда жоқ. Сондықтан жас тоқтылар сойылмайды. Қой бағасы – 70 000 тг, сиыр малы – 350 000 тг, түйе – 600 000 теңгеге бағаланған», – деді облыстың бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Құрбан айт мерекесінің аталып өтілуі және құрбан шалу шарттары» туралы баспасөз конференциясында.
16 шілде 2021 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области