Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 140 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған

Қызылордада 140 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелеріндегі жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылған.

Қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесіндегі 140 жазасын өтеуші 23 кәсіпкердің жұмыс обьектісінде жұмыс істейді. Олар пластик терезелер жасаумен, жалюз тігумен, машина жөндеумен, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады. Мекемедегі 8 сотталған «Еуропласт» пластик терезелер шығаратын цехта жұмыс істейді.

Мекеме бастығы әділет майоры Руслан Алимовтың айтуынша түрме әкімшілігі аталған бағыттағы жұмыстарды жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе жүзеге асыруда. Осының нәтижесінде жеке кәсіпкер тәтті өнімдер шығаратын цех ашпақшы. Бірнеше жазасын өтеуші жұмыспен қамтылмақ.

«Цехтан шығып жатқан пластикалық терезелер сапалы, әрі қолжетімді өнімге сұраныс жоғары. Тапсырыстар өте көп, мерзімінде жасап беруге тырысамыз. Пластик терезе жасайтын өнімді Алматы қаласынан алдырамыз. Сотталған азаматтар уақытылы жұмысқа келіп, тиянақты жұмыс жасайды.Күні. Осы азаматтардың арқасында тапсырыстарды халыққа уақытында жеткізіп отырмын» – дейді цех директоры Талған Әлиев.

Өмірден шалыс басып, жазасын өтеп жатқандардың бірі – Арман. Ол заңсыз балық аулап, істі болып сотталған. Қазір ол пластик терезелерді жасауға машықтанып алған. Көпқабатты үйлер мен зәулім ғимараттарға қолданылатын сапалы пластик терезелер істейді.

«Қылмыстың өтеуі –жаза дегендей, жазамды өтеудемін. Бос уақытымыз жоқ десем болады. Осы цехта 8 сотталған жұмыс істейміз. Уақытылы айлық жалақымды алып, артылғанын отбасыма жіберіп отырмын»,- дейді Арман.

16 шілде 2021 ж. 121 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области