Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Ауыл ел – бесігі»: Елді мекендердің 64 көшесіне жөндеу жұмыстары жүруде

«Ауыл ел – бесігі»: Елді мекендердің 64 көшесіне жөндеу жұмыстары жүруде

Kyzylorda-news.kz. Биыл аймақта ұзындығы 360 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізілуде. Оған 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы республикалық бюджеттен 10.8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.

«Бүгінде «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердің 64 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Бұған қоса, Қазалы қаласындағы 10 көшені қайта жаңғыртуға 735,6 млн. теңге бөлінді. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 774,3 млн. теңге бөлініп, шаһардың сол жағалауын дамыту мақсатында үш жоба жүзеге асырылуда. Жол жөндеу жұмыстары арнайы авторлық және техникалық қадағалаушы мамандармен күнделікті бақылауда болады. Сонымен қатар, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» кәсіпорнымен жол құрылысына қолданылатын материалдарды алдын ала зертханалық тексеруден өткізу, жол жөндеу жұмыстары барысында асфальттың сапасына сараптама жүргізу қызметтерін көрсету ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға көрсеткен қызметі үшін «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» кәсіпорнына 94,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, келісім-шартқа отырды», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Сондай-ақ, тамыз айында сол жағалаудағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистралды көше құрылысы аяқталып, халық игілігіне беру жоспарлануда.
16 шілде 2021 ж. 138 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области