Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова Абзал Құспанмен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова Абзал Құспанмен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Абзал Құспанмен кездесіп, сыбайлас жемқорлықты жою мәселелерін талқылады.

Абзал Темірғалиұлы сыбайлас жемқорлықты алдын алу, азаматтар арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында қоғамдық кеңестің белсенді түрде жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде аймақ басшысы Сыр еліне арнайы келген кеңес мүшесіне алғыс білдіріп, Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында арнайы комиссия отырысында өзекті мәселелер ұдайы түрде жүргізілетінін тілге тиек етті.

Кездесуді қорытындылай келе Гүлшара Әбдіқалықова «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, партия жанындағы қоғамдық кеңестің жұмысшы тобы бірнеше күн бойы Қызылорда қаласы мен аудандардағы нысандарды аралап, бірлескен бағыттарда жұмыс жүргізетін болады.
15 шілде 2021 ж. 93 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области