Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мың бала»: Қызылордалық оқушылар үздік үштіктен көрінді

«Мың бала»: Қызылордалық оқушылар үздік үштіктен көрінді

Kyzylorda-news.kz. Аймақта дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау, көшбасшылық қабілетін ашу, ғылыми дағдыларды қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарылуда. Мәселен ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына 9000-ға жуық бала қатысты. Олимпиада қорытындысымен 99 оқушы жеңімпаз атанып, біздің өңір үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов мәлімдеді.

«Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында 2 жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, «Елбасы медалі» жобасына облыстан 351 оқушы қатысып, 247 бала «қола» медаль иегері атанды. Ендігі кезекте, 54 оқушы «күміс», 49 оқушы «алтын» медальді иеленуге бақ сынайды. Бұған қоса, ауыл мектептерінде білім алатын 8-9 сынып оқушылары арасындағы IQanat олимпиадасына 5400 оқушы қатысып, үздік 26 оқушы Қапшағайдағы демалыс орталығына жолдама алды. Ал, 4 оқушы Бурабайда орналасқан арнайы «Iqanat High shсool of Burabai» мектебінде білім алуда. Жыл сайын оқушылар арасында өткізілген ғылыми жобалар байқауында ұсынылған жобада оқушылардың жасампаздығы, белсенділігі, білім дағдыларының қалыптасып, болашаққа деген ұмтылысы байқалады. Республикалық ғылыми жоба байқауында 10 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды. Ұсынылған әрбір жобаны әрі қарай дамыту, жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Олар – болашақ үйлер, жылыту жүйелері, тесла катушкасы, спорт кешені сынды жобалар. Біздің оқушылардың нарық ахуалын шынайы бағалайтыны, бос кеңістіктерді іздейтіні және мейлінше бәсекеге қабілетті өнім ұсынуға тырысатыны мақтанарлық жайт»,-деді Бағдат Камбозұлы.

Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «100 үздік студенті» жобасы жүзеге асырылып, облыс бойынша 8 студент жеңімпаз атанған.
15 шілде 2021 ж. 125 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области