Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 193 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қызылордада 193 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 193 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды.

Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 193 мыңнан асса, екінші компонентін 105 мыңнан астам адам салдырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым.

«Өңірде егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вак» вакциналарының бірін таңдай алады.

Еске салсақ. Қызылордада 17 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасынан уақытша шеттетілді.
14 шілде 2021 ж. 97 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области