Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Судағы қауіпсіздік ережесін бұзғандар айыппұл төлейді

Судағы қауіпсіздік ережесін бұзғандар айыппұл төлейді

Kyzylorda-news.kz. Қала аумағында суға шомылуға рұқсат етілген 2 жағажай бар. Олар «Сыр самалы» және Белкөл кентінде орналасқан «Абай» жағажайы. Қазіргі таңда Эдельвейс саяжайының жанында орналасқан коммуналдық жағажайдың құрылысы жүріп жатыр. Осы айда ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

Жазғы суға шомылу маусымында облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік шаралар жасалуда. Осы уақытқа дейін су айдындарында 611 рейд өткізіліп, 6253 адамға ескерту берілді.

Нақтырақ айтқанда, ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 34 адамға ескерту берілсе, қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген 174 азаматқа 2 млн 114 мың 825 теңге айыппұл салынып, әкімшілік шара көрілді.

«Балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, заңсыз балық аулау бойынша 200 дерек тіркеліп, оның ішінде 139 жеке тұлғаға 2 млн 209 мың 400 тг айыппұл салынды», – деді Руслан Сламбекұлы.
14 шілде 2021 ж. 102 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области