Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Kyzylorda-news.kz. 21 шілдеде Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00-17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

«Қазтелерадио» АҚ – Қазақстандағы теле және радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор.
14 шілде 2021 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области