Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауыл әкімдігіне кандидаттар мен олардың әйелдері декларация тапсыруға міндетті

Ауыл әкімдігіне кандидаттар мен олардың әйелдері декларация тапсыруға міндетті

Kyzylorda-news.kz. Жақын арада ауылдық округ әкімдерін сайлау күтілуде. Сайлау-қоғамды заманауи демократияландырудың маңызды институты, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі. Сайлау өткізу шарттарының бірі активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру.

Ауылдық округ әкімдігіне кандидат және оның зайыбы тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне арналған активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынады.

Декларацияны үш тәсілмен: қолма-қол қағаз нұсқада (екі данада), пошта арқылы тапсырыс хатпен және электрондық нысанда тапсыруға болады. Ауыл әкімдігіне кандидаттардың және оның жұбайының декларацияларында ұсынылған мәліметтер облыстық департаменттер мен аудандық мемлекеттік кірістер органдарының басқармаларында тексеруден өтеді.

Декларацияларда көрсетілген мәліметтер, егер кірістер мен мүлік туралы толық емес деректер көрсетілсе, сомалары, саны, мүліктің атауы және т.б. бойынша айырмашылықтар анықталса, дұрыс емес деп есептеледі.

Мәселелер туындаған жағдайда, Мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөніндегі мәселелерді түсіндіруге және оларға түсінік беруге міндетті.
14 шілде 2021 ж. 109 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области