Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әкім сайлауына «Ақжол» партиясы атынан 4 кандидат тіркеуден өтті

Әкім сайлауына «Ақжол» партиясы атынан 4 кандидат тіркеуден өтті

Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті депутаттары облыс тұрғындарымен кездесіп, ауыл аралап, елмен жүздесуде. Ауыл кәсіпкерлерімен де кездесу ұйымдастырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов мәлімдеді.

«Алдымен Арал ауданында болып, алыс ауылдарды араладық. Қызылорда өңіріндегі табиғат қолайсыздығына байланысты орын алып жатқан су тапшылығы, мал азығының азаюы бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Бұл орайда жергілікті билік қол қусырып отырмағанын көрдік. Қолдарында нақты жоспар бар екенін білдік. Алдағы уақытта мал азығын жеткізу, субсидияны тездетіп бергізу, малдың қырылып қалмауын болдырмауды қолға алу керек. Су тоғанандарына барып, салынып жатқан бөгеттерді көзбен көрдік. Қолдарына шалғы ұстаған жастардың бастамасына қуандық. Қарапайым халықпен жүздестік. Ауыл кәсіпкерлерімен де жолығып, мәселелерін тыңдадық. Енді елдің аманатын арқалап барамыз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов.

Айта кету керек, 25 шілдеде өтетін ауыл әкімдері сайлауына «Ақжол» партиясы атынан 4 кандидат тіркеуден өтті.
12 шілде 2021 ж. 87 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области