Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID-19: Той-жиындарды тоқтату керек

COVID-19: Той-жиындарды тоқтату керек

Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі штаб отырысы өтті.

Штаб отырысын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екендігін жеткізді.

«Ресми ақпарат көздерінің бүгінгі күннің мәліметі бойынша елімізде коронавирус инфекциясына шалдығып ем қабылдап жатқандар саны 41 980 адам болып отыр. Оның 13 568 пациенті стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық ем қабылдауда.

Ал, Қызылорда облысы бойынша 11 шілдеде 64 жағдай тіркелген.Оның біреуі Қазалы ауданына қатысты. Жалпы ауданымызда осы жыл басынан бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 268 адам тіркелген», – деді Мұхтар Оразбаев.

Мұнан соң аудандық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова Әйтеке би кентінде жұқпалы індетке шалдыққандардың қарасы қалың болып тұрғанын тілге тиек етті. Сол үшін де аудан орталығында той-жиындардың тоқтату қажеттігін айтты.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қазіргі таңда Қазалыдатой жасаушылар қатары азаймай отырғандығын айтты. Сондықтан аудандық мониторингтік топтың жұмысын жандандырып, түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарды вакцина алуға байланысты түсіндіру шараларын күшейту қажеттігін жеткізді.
13 шілде 2021 ж. 116 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области