Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда карантин күшейтіледі

Қазақстанда карантин күшейтіледі

Kyzylorda-news.kz. Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдауды тапсырған болатын. Комиссия отырысында тапсырманы орындау барысы талқыланды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты «қызыл» аймақтағы өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Primeminister.kz.

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынады
қоғамдық көліктің;
«Ashyq» жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану нысандарының;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру орындары, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;
«Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың жұмысына.
Жұмыс күндері қызметі шектеледі
«Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің жұмысы сағат 20.00-ге дейін ;
«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлерінің, сауда желілерінің сағат 18.00-ге дейін; «Ashyq» жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін.
Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.
13 шілде 2021 ж. 91 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области