Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Kyzylorda-news.kz. 9 шілде аталған сала қызметкерлерінің күні. Атаулы мереке біздің елде 2019 жылдан бастап күнтізбеге еніп, аталынып өтіп келеді.

Кәсіби мерекеге орай, «Қазсушар» РМК-нің Қызылорда филиалында су шаруашылығы ардагерлері мен сала мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. Ал, 10 шілде күні Шиелі ауданында «Су шаруашылығы нысандарын көркейту-көгалдандыру тақырыбында» ғылми семинар болады.

Жалпы, Сыр елінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Жүздеген жылдар бойы диқан қауымы дариядан тартқан тіршілік нәрімен егінін егіп, тіршілігін жасап келеді. Ал арнайы су шаруашылықтарының құрылып, жұмыс істей бастағанына ғасыр толып отыр.

Бүгінде аймақта ұзындығы 10 мың шақырымнан аса сумен қамтамасыз ететін және 3 мың шақырымнан астам қашыртқы дренаждық жүйелер бар.

Сырдария өзеніндегі суды реттеу мақсатында республикалық меншікке қарайтын Қызылорда, Әйтек, Қазалы және Ақлақ су тораптары жұмыс істейді. Облыс аумағында 7 су қоймасы, 219 су нысаны бар.
08 шілде 2021 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области