Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді

2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді

Kyzylorda-news.kz. 2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант, докторантураға – 1800-ден астам грант бөлінді.

Білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінген, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Магистратурада оқуға гранттардың көп саны педагогикалық мамандықтар бойынша қарастырылған – 3 642 грант. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3429, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 1233, ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша – 527 грант бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге ниет білдірушілерді тіркеу 18 маусымда басталып, 15 шілдеге дейін жалғасады. Емтихан 20 шілдеде басталады.

«Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін біз тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляцияға беру жүйесін өзгерттік. Ол электрондық форматта өтеді. Енді талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бірден апелляцияға өтініш бере алады», – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
08 шілде 2021 ж. 206 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области