Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гаухар Жаңабаева: Айына орта есеппен 200 мың теңгеден артық табыс табамын

Гаухар Жаңабаева: Айына орта есеппен 200 мың теңгеден артық табыс табамын

Kyzylorda-news.kz. Гаухар Жаңабаева Арал ауданында тұрады. Тұрмыста, жолдасымен 3 бала тәрбиелеп отыр. Мамандығы заңгер Гаухар ешқашан бір ғана табыс көзімен шектелмепті.

«Мамандығым бойынша отбасылы болғанша 7 жыл жұмыс жасадым. Іс-қағаздарымен айналыстым, мұнан өзге мәтін теру, слайд жасау секілді компьютерлік қызметтер көрсеттім, қосымша тойларда жедел суретке түсірумен айналыстым. Желілік бизнесте де нәтиже көрсете алдым. Кейін тұрмысқа шыққан соң жаңа ортаға бейімделу, үйдің тірлігі, бала күтімі секілді міндеттерім қосылған соң барлығын тоқтаттым», – деген Гаухар Жаңабаевава араға алты жыл салып, кәсіпке қайта келгенін айтты.

Бала күтіміндеге аралдық келіншек өзінің тігінге икемі бар екенін ескере келе, кестелеп тігуді қолға алады. Ол үшін жолдасы шет елдік әріптермен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін алғашқы тігін машинасын алып береді. Аталмыш тігін машинасымен тапқан табысының басын құрап, бір жылдың ішінде қазақ тілінің алфавитіне негізделген жаңа тігін машинасын сатып алады.

«Кәсібім жүре бастағанын көрдім. Бұл машина да маған аздық етті. Сонымен елдің аузында жүрген «Бастау» жобасын жолдасым екеуміз зерттеп, қатысамын деп шештім. 1 ай оқып, біліктілігімді жетілдірген соң қайтарымсыз қаржы алу үшін жобамды қорғадым. Нәтижесінде 505 мың теңге грант алып, тігінге керек құрал-жабдықтарымды түгелдеуге мүмкіндік алдым», – дейді кәсіпкер Гаухар.

Жас кәсіпкер «Бастау» жобасының тұтынушымен жұмыс жасап, түрлі есептіліктерді тапсыруда айтарлықтай көмек болғанын жеткізіп отыр. Ол «Бастау» жобасына дейін бұл қызметтерді ақылы тапсыртып келген екен.

Бүгінде Гаухар Жаңабаева тойға арналған бұйымдар мен жас нәрестелердің киімдерін кестелеу қызметін көрсетеді. Әсіресе нәрестенің перзентханадан шыққанда киетін киіміне баланың атын кестелеп беруді сұраушылар басым екен.

«Жақында тұтынушылардың сұранысын ескере келе киімдерге жазуды бояумен салуды, кружкаларға сурет салу секілді қызметтерді енгіздім. Жалпы қазіргі кәсібім Арал ауданында жоғары сұранысқа ие. Айына орта есеппен 200 мың теңге табыс табуға мүмкіндік беріп отыр. Еңбектенсең нәтижесін көруге болатынына нақты көзім жетті. Тапсырысты уақытылы орындау үшін кейде уақытпен санаспай жұмыс жасауға тура келеді. Алда кәсібімді ұлғайтып, жаңа қызмет түрлерін қосқым келеді. Ол үшін қазір жобамды әзірлеп жатырмын», – дейді Гаухар Жаңабаева.

Айта кету керек, Арал ауданында 2017-2020 жылдары 1156 азамат «Бастау» жобасы бойынша оқытылып, 801 азаматтың жобасы мемлекет тарапынан түрлі қаржы көздері арқылы қаржыландырылған. Биылғы жылы 300 адамды жоба аясында оқыту жоспарлануда.
08 шілде 2021 ж. 178 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области