Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 12 шілдеден бастап Токиода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізіледі

12 шілдеден бастап Токиода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізіледі

Kyzylorda-news.kz. Жапония үкіметі Токиода 12 шілде мен 22 тамыз аралығында коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдайды енгізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі орталық штабтың қызметін үйлестіретін Жапонияның экономикалық қалпына келтіру министрі Ясутоши Нишимура журналистерге бейсенбіде сараптама комиссиясының отырысында айтты.

«Токиода инфекциялар санының көбею тенденциясы жалғасуда, бұған қоса, дельта штамы таралуда. Сондықтан инфекцияны болдырмау және денсаулық сақтау жүйесін қорғау үшін біз 12 шілде мен 22 тамыз аралығында төтенше жағдай режимін енгіземіз», – деді ол.

Осылайша, төтенше режим Токиода Жапония астанасында 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде жұмыс істейді.

Нишимура сонымен қатар осы мерзімге министрлер кабинеті Окинаваның оңтүстік префектурасында төтенше жағдай режимін енгізіп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Чиба, Сайтама және Канагава шығыс префектураларында, сондай-ақ батыс Осакада инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген шаралар 22 тамызға дейін ұзартылды.
08 шілде 2021 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области