Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан бері 20 бала суға кетті

Қызылордада жыл басынан бері 20 бала суға кетті

Kyzylorda-news.kz. Аймақта жыл басынан бері суға кету дерегі бойынша 30 оқиға тіркелді. Қаза болған 35 адамның 20-сы бала. 3 жастағы сәбиден бастап 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер тілсіз жаудың құрбандары болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммункациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

«Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандары тартылды. Күнделікті 13:00-20:00-ге дейін рейдтік және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда. Балық аулайтын орындарда 563 рейд өткізіп, 5606 адамға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп, үнпарақтар таратылуда. Қазіргі таңда, 24 адамға ескерту шарасы көрілді. Ескертетін жайт, қоршау белгілерінен асуға, көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге, таныс емес орындарда шомылуға болмайды. Сондай-ақ ата-аналарға балалардың бақылаусыз су жағасына жібермеуін сұраймыз», – деді Саид Шазындаұлы.
07 шілде 2021 ж. 200 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области