Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қоңырау қабылдайтын колл-орталықтың нөмірі өзгерді

Зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қоңырау қабылдайтын колл-орталықтың нөмірі өзгерді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұған дейін клиенттер зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша 1411 қысқа нөміріне қоңырау шалатын. Енді ол нөмір 1414-ке ауыстырылды. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласқаннан кейін, қосымша 5 нөмірін басу қажет.

«1414 техникалық платформасына көшу қабылданбай қалатын қоңыраулардың үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз мұнымен 1411 желісін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды оңтайландырамыз. Қазір біз дыбыстық қоңырауларды ғана емес, мәтіндік хабарламаларды да қабылдауға болатын омниканалды жүйені қолданамыз. 1411 нөмірі енді істемейді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Сондай-ақ қазақстандықтар @kenes1414bot телеграм ботында «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша операторға хабарлама жіберіп, сол жерден жауап ала алады.

1414 бірыңғай байланыс орталығы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі (жексенбі – демалыс) сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін істейді, қоңырау шалу – тегін.
05 шілде 2021 ж. 72 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области