Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы жастары қуаңшылыққа байланысты жем-шөп дайындауға көмектеседі

Қармақшы жастары қуаңшылыққа байланысты жем-шөп дайындауға көмектеседі

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев Жаңажол, Ақтөбе ауылдық елді мекендердегі шаруашылықтарды аралап жастармен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Арал ауданында қалыптасқан қуаңшылыққа байланысты шаруашылықтардағы жастармен кездесіп жем-шөп дайындауға көмекті ұйымдастыру болып табылады.

Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Берік Бәйділдаев «Жаңажол» ЖШС-нің директоры Орынбасар Төлеповпен кездесіп қазіргі таңдағы жағдаймен танысты.

Сонымен бірге шаруашылық жастарымен жүздесіп өңірімізде қалыптастып жатқан қуаңшылық жағдайына байланысты жем-шөп дайындауға жастар бригадаларын ұйымдастыру туралы айтылды.

Мұнан кейінгі кездесу Ақтөбе ауылдық округіндегі «Ақтөбе и К» шаруашылығында өтті.

Қазіргі таңдағы ауылдық елді мекендердегі шаруашылықтағы жастар арасынан бригадалар жасақталып, шөп дайындауға үлестерін қосуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өз кезектерінде шаруашылық басшылары мен ауыл жастары Арал ауданына жем-шөп әзірлеу ісіне көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

Алдағы уақытта ауыл округтердегі жастары ісі жөніндегі мамандармен кездесулер өткізіліп, азаматтар мен белсенді жастарды тартуға дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.
07 шілде 2021 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области