Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

«Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

Kyzylorda-news.kz. «Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Жорабек Медет сайланды. «Nur Otan» партиясы жаныдағы «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХVІ конференциясы онлайн режимде өткізілді.
Бейнеконференция жұмысына «Nur Otan» Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Жарылқасынов , «Jas Otan» төрағасы Н. Жетпісбаев, облыстық кеңес мүшелері, жергілікті жастар саясаты мәселелері бойынша жауапты мемлекет орган өкілдері және аумақтық бөлімше басшылары қатысты.
Конференцияның қарауына ұсынылған бірінші мәселе бойынша «Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының консультанты Әсем Қаһарманова жыл бойына атқарылған жұмыстарына баяндама жасады.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша конференцияға қатысушылар «Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы лауазымына осыған дейін ұсынылған Жорабек Медет кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Жорабек Медет Қызылорда қаласының тумасы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Осыған дейін жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру бағытандағы жастар ұйымдарының жетекшісі қызметінде және Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де кеңесші қызметін атқарған.
03 шілде 2021 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области