Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада күйші-композитор Тасболат Ысқақов атындағы домбыра үйірмесі ашылады

Қызылордада күйші-композитор Тасболат Ысқақов атындағы домбыра үйірмесі ашылады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылордада «Күй керуені» атты облыстық жас домбырашылар байқауы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұршат Наурызбаева мәлімдеді.

Сондай-ақ, аталған мерекеге орай белгілі күйші-композитор Тасболат Ысқақов атындағы домбыра үйірмесі ашылады. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық домбыра күніне орай өтетін салтанатты концертте еліміздің барлық өңірлеріндегі халық аспаптар оркестрлері Құрманғазының «Сарыарқа» күйін бір мезетте орындайды. Оған облыстық филармонияның Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрі онлайн өнер көрсетпек.

«Алты мың жылдық тарихы бар домбырамен бірге қазақтың да тарихы біте қайнасып келеді. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. 2019 жылы «Жыр мұра» жобасымен жұмыс жасап жатырмыз. 23 жыр-терме, 16 қобыз, және домбырашылар үйірмесі бар. Сондай-ақ, былтыр М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының әр өңірдің күйшілік дәстүрі жайлы шығарылған антологиясына біздің Сыр өңіріндегі күйшілердің аты аталып, мұрасы енгізілді», – деді облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының маманы, жыршы Берік Саймағанбетов.

Айта кетейік, бүгіннен бастап күйші Әлімжан Әбсадықовтың бастамасымен «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» атты онлайн-челленджі күйшілер мен домбыра шертер әрбір қазаққа жолданды.
03 шілде 2021 ж. 184 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области