Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жас еңбек құрылысшылар жасағы» аясында 90 жас жұмыспен қамтылды

«Жас еңбек құрылысшылар жасағы» аясында 90 жас жұмыспен қамтылды

Kyzylorda-news.kz. Облыстық жастар ресурстық орталығында 2 күнге созылатын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілуде.

Шараның басты мақсаты – жастарды жұмыспен қамту. Жәрмеңкенің ерекшелігі – жергілікті өңірдің жұмыс берушісі ғана емес, Ақтау, Атырау қалаларынан консалтингтік компанияларынан өкілдер келіп, өз жұмыстарын ұсынуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Мукеев мәлімдеді.

Жастардың ең өзекті мәселесі – жұмыспен қамту. Бүгінде жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызды құрап отыр.

«Жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүйеленіп келеді. Орталық жанынан бос жұмыс орындарының ақпараттық базасын қалыптастыру мақсатында жұмысын бастаған әлеуметтік желілердегі «@Jastargajumys11» парақшасы арқылы 1000-ға жуық қызылордалық нақты ақпаратпен қамтамасыз етілді. «Жас еңбек құрылысшылар жасағы» аясында 90 жас тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналасты», – дейді Азамат Ырысдәулетұлы.

Жастардың әлеуметтік санаттарын анықтау үшін адрестік жұмыстар да жүргізілуде. Осыған орай, жергілікті 63 624 жастың 15 491-імен бетпе-бет ақпарат алмасу процесі жүргізіліп, қала жастарына қатысты ақпараттық база жасақталды. Ал, аудандардағы жастардың әлеуметтік санаттарын анықтау мақсатындағы мониторингтік топтардың жұмысы шілде айының соңына дейін жалғасады.
03 шілде 2021 ж. 153 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области