Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қоғам белсенділері партия қатарына қабылданды

Қоғам белсенділері партия қатарына қабылданды

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күні қарсаңында қала дамуына үлес қосып жүрген азаматтар «Nur Otan» партиясы қатарына қабылдынды. Шараға «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филилалының төрағасы, қала әкімі Ғанибек Қазантаев қатысып, мерекелік лебізін жолдады.

«Болашақтың қаласы болған Елордамыз бүгінде Шығыс пен Батысты байланыстыратын, түрлі мәдениеттер мен өркениеттерді қауыштыратын, бейбітшілік пен тұтастық идеясын тарататын орталыққа айналды. Мұның барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және бірлігі жарасқан, дархан пейілді халқымыздың зор еңбегінің жемісі. Ел үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз берекелі болсын», – деген Ғанибек Қонысбекұлы бірқатар азаматтарды партия қатарына қабылдап, куәліктерін табыстады.

Олардың тізімінде қалаға қарасты кент әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, журналистер, балабақша тәрбиешілері мен өзе де саланың мамандары бар.

Сондай-ақ, аталған жиында партия жұмысында белсенділік танытып, етене араласқан қала кәсіпкерлері де назардан тыс қалмай, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Құрмет» грамотасымен марапаталды. Артынша партия мүшелеріне «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филилалының төрағасы, қала әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
02 шілде 2021 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области