Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жанар-жағармай қоры жеткілікті

Қызылордада жанар-жағармай қоры жеткілікті

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде мұнай өнімдері облысқа уақытында жеткізілуде. Мәселен аймақта АИ-92 маркалы бензиннің 2920,1 тонна, дизель отынының 2788,9 тонна қоры бар. Сондай-ақ, әзірге жанар-жағар майға тапшылық жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

«Үстіміздегі жылдың маусым айында жанар-жағармайға уақытша тапшылық болды. Бұл еліміздегі мұнай өндеу зауыттарында жыл сайынғы жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуінен және тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігінен орын алды. Алдағы уақытта Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты да жөндеуден өтеді. «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аталған мәселе өз шешімін табуда», – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Бүгінде АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы 171,8 теңге, дизель отыны 191,2 теңгені құрайды.
01 шілде 2021 ж. 85 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области