Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Бүгіннен бастап теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылады

Қызылорда: Бүгіннен бастап теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылады

Kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап бірқатар өңірде теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылады. Яғни, коронавируспен ауыратын жолаушылар ғимаратқа кіргізілмейді.

Ashyq жобасы Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу теміржол вокзалдарында енгізіледі.

Жолаушы вокзалға кірер алдында QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшалары арқылы сканерлеу қажет. Қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда, есіктегі қызметкерге ЖСН-ді көрсетуге болады.

«Жасыл» немесе «көк» статус шықса, ғимаратқа кіруге рұқсат етіледі. «Қызыл» немесе «сары» шыққандар, вокзалға жіберілмейді.

Шетелдіктердің статусы төлқұжат нөмірі бойынша тексеріледі.

18 жасқа дейінгі балалар тексерістен өтпейді.

01 шілде 2021 ж. 77 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области