Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал теңізін құтқару бойынша бағдарлама бекітілді

Арал теңізін құтқару бойынша бағдарлама бекітілді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының делегациясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Басқару отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына барды.

Делегация құрамына Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, ҚР Тәжікстан Республикасындағы Елшісі А.Тәжібаев және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Сыздықов және т.б. кірді.

Қазақстандық тарапы ХАҚҚ Орындаушы комитетіне ХАҚҚ Мемлекеттері басшыларының шешімдеріне түгендеу жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылы Түрікменбаши қ. ХАҚҚ мемлекеттері-құрылтайшылар самитінде айтылған ХАҚҚ ұйымдастырушылық құрылымды және келісім-шарттық базасын жетілдіру, Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық концорциумын құру, сондай-ақ ХАҚҚ Орындаушы комитетінің аймақ елдерінің бірінде тұрақты орналастыру жөніндегі ұсыныстарды іске асыру қажеттілігін атап өтті.

Арал теңізінің бассейндегі су ресурстарын және экологиялық жағдайды жақсарту қажеттілігі аясында, қазақстандық тарапымен аймақтық ұйымдардың рөлін күшейтудің, оның ішінде «Сырдария» және «Амудария» су шаруашылық бассейндік бірлестіктердің маңыздылығы аталды.

Отырыс нәтижесінде Тәжікстан төрағалық етуінің мерзіміне ХАҚҚ Орындаушы комитетінің жұмыс жоспары қабылданды, сонымен қатар, «Арал теңізінің бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы» (АТББ-4) бекітілді.

АТББ аймақтық бағдарлама, оның негізгі мақсаттары Арал теңізі бассейнінде тұратын адамдардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, Орталық Азия елдері арасындағы су шаруашылық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және су ресурстарын ұтымды пайдалану ынтымақтастығын одан әрі кеңейту болып табылады.
01 шілде 2021 ж. 77 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области