Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 1 млн тенгенің затын алдап алған алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада 1 млн тенгенің затын алдап алған алаяқ әйел ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 1 млн теңгенің затын алып, кейін қарызын бермеген алаяқ әйел ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арыз түсірген.

2021 жылдың ақпан айында кенттегі сауда орталығынан бір әйел сеніміне кіріп, тоңын және алтын алқасын қарызға алып, 1 млн теңге ақшасын беруге уәде берген. Көп ұзамай жәбірленуші ақшасын беруді талап етеді, бірақ ешқандай нәтиже болмайды.

Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көршілес аудан тұрғыны анықталып, ұсталды.Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы» қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
30 маусым 2021 ж. 116 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области